ҚР сыртқы істер министрі Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Пекиндегі хатшылығының ашылу салтанаты мен ұйымның атқарушы хатшысының инаугурациясына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Пекиндегі хатшылығының ашылу салтанаты мен ұйымның атқарушы хатшысының инаугурациясына қатысады

ҚР сыртқы істер министрі Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Пекиндегі хатшылығының ашылу салтанаты мен ұйымның атқарушы хатшысының инаугурациясына қатысады

ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев 15-қаңтарда Пекинде өтетін Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Пекиндегі хатшылығының ашылу салтанаты мен ұйымның атқарушы хатшысының инаугурациясына қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 512
Фото - Caravan.kz

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының атқарушы хатшылығы ұйымның жұмысшы органы ретінде Қытай астанасында тұрақты негізде жұмыс істейді. Ұйымның бірінші атқарушы хатшысы болып Қытай Халық Республикасының Ресейдегі бұрынғы елшісі Чжан Дэгуан бекітілді. Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының екінші негізгі органы — Лаңкестікпен күрес жөніндегі аймақтық орталық 2004-жылы Ташкентте жұмыс істей бастауы тиіс.

Сол күні, 15-қаңтарда Пекинде Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтіп, онда негізгі халықаралық және аймақтық мәселелер талқыланады.
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан тәрізді 6 мемлекет мүше болып табылады.

Соңғы жаңалықтар