ҚР сыртқы істер министрі Жапония сыртқы істер министрінің орынбасарымен келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 526.81
  • 542.72
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрі Жапония сыртқы істер министрінің орынбасарымен келіссөздер жүргізді

ҚР сыртқы істер министрі Жапония сыртқы істер министрінің орынбасарымен келіссөздер жүргізді

22-қарашада еліміздің сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Жапония сыртқы істер министрінің орынбасары Ичиро Фудзисакимен келіссөздер жүргізді. Жапондық елші сондай-ақ, осы ел үкімет басшысының "Үлкен сегіздік" мемлекет басшыларының бас қосуын ұйымдастыру жөніндегі сенімді өкілі болып табылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 24 Қараша 2003
  • 487
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қ.Тоқаев пен И. Фудзисаки екі ел арасында әр салада кең көлемді ынтымақтастық тәжірибесі жинақталғанын атап өтті. Өзара қарым-қатынастың тиімділігі мен қарқынына қарай Жапония Қазақстанның шетелдік әріптестері арасында алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ, тараптардың екі жақты қарым-қатынасты тереңдете түсуге деген ықылас-ниетін жеткізді.

Қазақстандық бас дипломат Қазақстанды дамыту мақсатында көрсетіліп отырған саяси және экономикалық қолдау үшін, бірқатар бірлескен ірі жобаларды жүзеге асырудағы қаржылық-экономикалық және техникалық ықпалдастығы үшін Жапония үкіметіне ризашылық білдірді. Қ.Тоқаев инвестиция, ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықтардың келешегіне үлкен баға берді.
И. Фудзисаки Жапондық іскерлік өкілдерінің қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан нарығындағы инвестициялық іс-қызметті пәрмендендіре түсуге деген қызығушылығын жеткізді. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және қаржылық-экономикалық әріптестікті сапалық жаңаша деңгейге көтеруге түркі болатын өзара ықпалдастықтың қосалқы тетіктерін құруға мүдделілік танытты.
Жапония өкілі дәстүрлі қарама-қайшылықтардың ушығуымен шектелмей, қауіп-қатердің жаңаша түрлері пайда болуымен сипатталатын қазіргі геосаяси ахуалға сәйкес қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесін жаңалау қажеттігін дәріптейтін Қазақстан Республикасы басшылығының позициясына жоғары баға берді. Осыған байланысты Қазақстанның Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастамасы мен қазақстандық дипломатияның БҰҰ-ын жаңалау идеясын қолдауы ерекше атап өтілді. Ал БҰҰ жүйесінде Жапония — қазіргі заманғы ең бір қарыштап дамыған экономика иесі және жұртшылық жаппай мойындаған Азия құрлығындағы жетекші ел ретінде Жапония сол деңгейге сәйкес өкілеттілікке ие болуы тиістігі тілге тиек етілді.
Қ.Тоқаев пен И. Фудзисаки екі елдің мүддесі өзара тоқайласатын халықаралық проблемалар бойынша өзара пікір алмасты. Атап айтсақ, Орталық Азия және бұрынғы Кеңестік кеңістік аймағындағы интеграциялық процесстер, аймақтық және жалпыазиялық қауіпсіздік мәселелері, Корейаралық шиеленісті реттеу мәселері сарапқа салынды. Дипломаттар өзара ықпалдастықтың, сондай-ақ, тараптардың халықаралық және аймақтық деңгейдегі талап-талпынысын үйлестірудің маңызын жоғары бағалады.