ҚР сыртқы істер вице-министрінің АҚШ-қа сапары барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер вице-министрінің АҚШ-қа сапары барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады

ҚР сыртқы істер вице-министрінің АҚШ-қа сапары барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР сыртқы істер вице-министрінің АҚШ-қа сапары барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 26 Мамыр 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

«26 — 30 мамырда ҚР сыртқы істер вице-министрі Н.Ермекбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа сапар жасайды», — деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, «Вашингтонға сапары барысында Қазақстандық дипломат мемлекеттік департаменттің және АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп, АҚШ-тық әріптестерімен ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту тақырыбын талқылайды». «Ол сондай-ақ, Қазақстан мен Орталық Азияның зерттеумен шұғылданатын американдық сарапшылармен жүздеседі», — деді СІМ өкілі.

«Сондай-ақ, Н. Ермекбаев АҚШ президенті Буштың Краков бастамасы деген атаумен белгілі 2003 жылғы қару тарату қауіпсіздігі жөніндегі бастамаға қатысушы елдердің бесінші мерейтойлық кездесуіне қатысады. Нью-Йоркте БҰҰ басшылығымен ислам әлемі мен батыс арасында диалог орнату жөніндегі Қазақстанның бастамасын шешуші халықаралық ұйым тарапынан қолдау жөнінде кездесулер өткізіледі», — деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті