ҚР сыртқы саясат мекемесінің басшысы АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы саясат мекемесінің басшысы АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді

ҚР сыртқы саясат мекемесінің басшысы АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді

Вашингтонға жасаған жұмыс сапары барысында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев президент Джордж Буш әкімшілігінің басшылығымен және АҚШ Конгрессінің бірқатар беделді мүшелерімен кездесулер өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Маусым 2004
  • 515
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-мен кездесулер барысында АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары С.Хэдли: «Қазақстанның соңғы 10 жылдағы сындарлы экономикалық саясатына АҚШ қошеметпен қарайды» ,- деп атап көрсетті. Оның айтуынша, » ендігі жерде республикаға нақты болашақ даму жолын айқындап алып, қол жеткізген табыстарын нығайта түсу қажет». Бұл мәселеде Қазақстанға жан-жақты қолдаудан АҚШ тартынбайды, деді С.Хэдли.

АҚШ сенатының ассигнованиялар жөніндегі комитетінің төрағасы Т.Стивенспен кездесуде ҚР СІМ екі жақты қарым-қатынаста айтарлықтай ілгерілеушіліктерге қол жеткізілгенін екі жақ бірдей атап өткенін, бұл көбінесе Қазақстанда демократияның нығая түсуіне байланысты екенін атап өтті. Осы саладағы ауыз толтырып айтарлық оңды өзгерістерді сенатор да өз тарапынан атап өтіп, Конгрестің жоғарғы палатасының Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтар аясын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Өкілдер палатасының халықаралық қарым-қатынас жөніндегі комитетінің төрағасы Қ.Тоқаевпен кездесуде екі жақты қарым-қатынастардың үдемелі дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы «достықтың нығая түсуіне» қолдау білдірді. Г.Хайдтың пікірінше, республикадағы экономикалық және саяси жетістіктер «сындарлы басшылықтың арқасы» , соның нәтижесінде аймақ елдері үшін «Қазақстан үлгіге айналды». Ол республикадағы алдағы парламент сайлауы ашық әрі дүниежүзі мойындаған әлемдік стандарттарға сәйкес өткізіледі дегенге сенім білдірді.
Американдық заң шығарушы сондай-ақ, Ирактағы ахуалды тұрақтандыру тұрғысында Қазақстанның өз міндеттемесіне бірізді әрі табанды көзқарас ұстанып отырғаны үшін ризашылық білдірді. Г.Хайдтың айтуынша, дүниежүзінде тұрақсыздық белең алған қазіргі сәтте Қазақстан әлемдік нарықты қуат көздерімен қамтамасыз етуде маңызды роль атқара алады.
Қазақстан сыртқы істер министрі бұл жолғы АҚШ сапарының «табысты әрі жемісті» болғанын атап өтті. Оның айтуынша, «өзара қарым-қатынаста ауқымды ілгерілеушілікке қол жеткізілді, оны дамытудың әлеуеті әлі де зор» деген екі жақтың пікірі бір жерден шығып отыр.