ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 9 айдағы жұмысын қорытындылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 9 айдағы жұмысын қорытындылады

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 9 айдағы жұмысын қорытындылады

Үстіміздегі жылдың 29 қазаны күні Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде

  • 31 Қазан 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

ведомство төрағасы мен оның орынбасарларының, салалық және аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен алқа мәжілісі өтті. Бұл туралы ТМРА-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындауға қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ алқа мәжілісі барысында үстіміздегі жылғы 9 ай ішіндегі ведомство қызметінің қорытындылары шығарылды, сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Алқаны аша отырып агенттік төрағасы Мұрат Оспанов Елбасы өзінің халыққа Жолдауында: «Қазақстан үшiн экономикалық табыстар мен қоғамдық игiлiктердi қамтамасыз етудiң оңтайлы теңгерiмiн табу — өмiрлiк маңызды нәрсе» деп атап өткендігін тілге тиек етті. «Осыған байланысты реттеуші орган ретінде біздің міндетіміз теңгерімді қамтамасыз ететін реттеу әдіснамасы мен құралдарын қалыптастыру болып табылады және бұл ретте реттелетін секторлардың инвестициялық тартымдылығын дамытуға, артыруға, сондай-ақ энергияны сақтау және ресурсты сақтау міндеттерін шешуге ынталандырады», — деді ол.

ТМРА басшысының айтуы бойынша, осы міндеттерді іске асыру шеңберінде үстіміздегі жылы агенттік қызметінің басты бағыты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту, электр энергиясы ысыраптарын төмендету, энергияны сақтауды экономикалық ынталандыру тетіктерін жасау, электр энергиясы мен суды үнемдеу болды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтің тапсырмасын іске асыру мақсатында алқа мәжілісінде су арналарының кешендік жаңғыртылуын қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және суды үнемдеп пайдалану үшін суға тариф белгілеу тетіктерін өзгерту бойынша ұсыныстар талқыланды. Осы ұсыныстар мүдделі тараптар мен халық өкілдерінің қатысуымен өңірлерде кеңінен талқылануда.

Отырыс барысында аумақтық департаменттердің басшылары, сондай-ақ тарифтік саясатты қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыс туралы; «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су арналарының шекті тарифтерге көшу кестесін іске асыру барысы туралы; электр энергиясы мен суға нормативтен тыс ысыраптарды жою және нормативтік ысыраптарды оңтайландыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы, табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауы туралы есеп берді.

Алқа қорытындысы бойынша агенттік төрағасы М. Оспанов бірқатар тапсырмалар берді және Мемлекет басшысы мен Үкімет басшысы қойған міндеттерді іске асыруда оң нәтижелерге қол жеткізу үшін белсенді жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар