ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі АПК компаниясын қайта құру туралы сотқа шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі АПК компаниясын қайта құру туралы сотқа шағым түсірді

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі АПК компаниясын қайта құру туралы сотқа шағым түсірді

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі Алматыдағы ауданаралық мамандандырылған эконономикалық сотына "Алматы Пауэр Консолидейтед" АҚ-ын бірнеше заңды тұлғаға бөлшектеп қайтадан құру туралы шағым түсірді. Бұл туралы бүгін, 12-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 585
Фото - Caravan.kz

Агенттік төрағасының түсініктемесіне жүгінсек, «АПК-ны бөлшектеу аясына қамтылатын нысандар арасында табиғи монополия субьектілері де бар». Агенттіктегілердің пайымдауынша, АПК электр қуатын жалғастырушы, жылу энергиясын жалғастырушы, 1 ,2 және 3-Жылу Электр станциясы мен Батыс Жылу кешенін қамтитын қуат өндіруші, Қапшағай Су электр станциясы мен Су электр станциялары каскадын қамтитын қуат өндіруші ұйымдарға ажыратылуы тиіс. Бөлшектеу жұмыстары, агенттіктегілердің пайымдауынша, 2004-жылдың 15-шілдесінде аяқталуы қажет.

Қазіргі жағдаймен «Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ — Алматы аумағын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуші бірден-бір компания болып табылады.

Соңғы жаңалықтар