Агенттік төрағасының түсініктемесіне жүгінсек, "АПК-ны бөлшектеу аясына қамтылатын нысандар арасында табиғи монополия субьектілері де бар". Агенттіктегілердің пайымдауынша, АПК электр қуатын жалғастырушы, жылу энергиясын жалғастырушы, 1 ,2 және 3-Жылу Электр станциясы мен Батыс Жылу кешенін қамтитын қуат өндіруші, Қапшағай Су электр станциясы мен Су электр станциялары каскадын қамтитын қуат өндіруші ұйымдарға ажыратылуы тиіс. Бөлшектеу жұмыстары, агенттіктегілердің пайымдауынша, 2004-жылдың 15-шілдесінде аяқталуы қажет.
Қазіргі жағдаймен "Алматы Пауэр Консолидейтед" АҚ - Алматы аумағын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуші бірден-бір компания болып табылады.
ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі АПК компаниясын қайта құру туралы сотқа шағым түсірді
