Үкімет мүшелері, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысқан алқалы жиынды ашқан Қ.Саудабаев Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңындағы алғашқы алты айда еліміздің барлық облыстарында және елордада түрлі деңгейдегі 1500-ден астам іс-шаралар өткендігін атап өтті.
Оның айтуынша, өткізілген барлық іс-шараларға халықтың барлық деңгейінің, атап айтқанда, жастар, ауыл шаруашылығы, бизнес, ғылым мен шығармашылық өкілдері белсенді қатысқан.
«Осылайша, бұл іс-шаралар шын мәнінде халықтық болды. Екінші жартыжылдықтағы іс-шаралар деңгейі де мазмұны бойынша маңызды болмақ», — деді ол.
Отырыс барысында мерейтойлық жылдағы жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының өткен алты айдағы іске асырылу қорытындылары тыңдалды. Сондай-ақ мерейтойға дейінгі қалған уақыт кезеңінде елорда мен облыстарда жүзеге асатын іс-шараларға дайындық және олары жоғары деңгейде ұйымдастыру әрі маңызды деңгейде өткізу мәселелері тиянақты қаралды.