ҚР Тәуелсіздігің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Тәуелсіздігің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

ҚР Тәуелсіздігің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР Тәуелсіздігің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

Үкімет мүшелері, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысқан алқалы жиынды ашқан Қ.Саудабаев Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңындағы алғашқы алты айда еліміздің барлық облыстарында және елордада түрлі деңгейдегі 1500-ден астам іс-шаралар өткендігін атап өтті.

Оның айтуынша, өткізілген барлық іс-шараларға халықтың барлық деңгейінің, атап айтқанда, жастар, ауыл шаруашылығы, бизнес, ғылым мен шығармашылық өкілдері белсенді қатысқан.

«Осылайша, бұл іс-шаралар шын мәнінде халықтық болды. Екінші жартыжылдықтағы іс-шаралар деңгейі де мазмұны бойынша маңызды болмақ», — деді ол.

Отырыс барысында мерейтойлық жылдағы жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының өткен алты айдағы іске асырылу қорытындылары тыңдалды. Сондай-ақ мерейтойға дейінгі қалған уақыт кезеңінде елорда мен облыстарда жүзеге асатын іс-шараларға дайындық және олары жоғары деңгейде ұйымдастыру әрі маңызды деңгейде өткізу мәселелері тиянақты қаралды.

Соңғы жаңалықтар