ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай Анкарада салтанатты қабылдау өтті
![]() |
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай Анкара қаласында салтанатты қабылдау өтті. |
Қабылдауға ТР Парламентінің спикері Жемил Чичек, Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Бекир Боздағ, Әділет және даму партиясының Бас хатшысы Халык Ипек, ТР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Мұстафа Исен, ТР Конституциялық сотының төрағасы Хашым Кылыч, ТР Парламентінің бұрынғы спикері Хикмет Четин, Ізгілік партиясының төрағасы Мұстафа Камалык, Невшехир провинциясының губернаторы Абдуррахман Саваш, Денизли провинциясының губернаторы Абдулкадыр Демир, Түркияның Палаталар мен биржалар одағының төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлы, Анкарада тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшылары, Түркияның қоғамдық-саяси, ғылыми-академиялық және іскерлік орта өкілдері мен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында Түркия Парламентінің спикері Ж.Чичек екіжақты қарым-қатынастардың барлық салалары бойынша қарқынды дамып отырғандығына қанағаттанарлық сезімін білдіріп, түркі тілдері мемлекеттерінің өзара ықпалдасуында Қазақстан Президентінің алар орнына назар аударды және Қазақстан мен Түркия арасының тағы да жақындаса түсуі турасында тілегін білдірді.
ТР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі М.Исен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, бауырлас екі елдің жан-жақты қарым-қатынастарын дамыту және тереңдете түсу мәселелеріне айрықша ден қойды.
Орын алған салтанатты шараның басқа қонақтары да осы сипаттас пікірлерін білдірді.
Қабылдау кезінде шақырылған қонақтар еліміз турасында дайындалған фото және бейне материалдармен танысуға мүмкіндік алып, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Қабылдау Түркияның орталық БАҚ-тарында кеңінен хабарланды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін