«Биыл оң қарқын сақталды: тау-кен өндіру өнеркәсібінде 5 айда 4 трлн теңгенің өнімі өндірілді»,- деді ол дүйсенбі күні тау-металлургия конгресінде.
Оның мәліметтеріне сәйкес, бұл кешен бойынша физикалық көлем индексі 112% құрады.
Өткен жылы тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі $50 млрд, металлургия өнеркәсібінің өндірісі қаржылай көрсеткіште $11 млрд құрады, деді А. Рау.