Бұл туралы Тазалық-Індет Қызметінің баспасөз орталығы таратқан хабарламада айтылған.
Індеттің алдын алу шараларын тікелей ұйымдастыру және өткізу міндетін республикалық Тазалық-Індет Қызметінің бас дәрігері Кеңес Оспанов басқаруда.
Тазалық-Індет Қызметінің далалық штабы Т.Рысқұлов атындағы ауданның орталығы — Құлан ауылында орналасқан. Штабтың басты мақсаты- тұрғындар тұтынатын тағам мен ауыз су сапасын қадағалау болып табылады.
Эпидемиологиялық бақылау қызметінің Жамбыл аудандық басқармасы су тарату құрылымдары мен су құбырларының 1000-нан астам нысандарын тексеріп шықты.
Су сапасын бақылау жүйесі дәйектеліп, екі зертхана жұмыс істей бастады. 25-мамыр күні кешке дейін сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі барлық ақаулар қалпына келтіріліп, 26-мамыр күні таңертеңгісін тұрғындар сапалы сумен толыққанды қамтамасыз етілді.
Дезинфекциялық тазарту шараларын өткізу үшін арнайы екі топ құрылып, олар қоқыс сақтайтын 231 орын мен ауладағы санитарлық қондырғылардың 280-ін тазартып шықты. Қауіпті жұқпалы індеттердің қоздырғышын анықтау үшін сынамалар алынды.
Тұрғындардың денсаулық ахуалы күнделікті қадағаланып отыр. Осындай шараларды ортаға салған Тазалық-Індет Қызметі төтенше жағдай орын алған аудандағы эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда деп сендіреді.