«Министрдің бұйрығымен орталық аппаратта да, аймақтарда да оперативтік штабтар құрылып, ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жоғарғы дайындық жағдайына көшірілді»,- деді Д.Сатылғанов.
Оның айтуынша, қазір төтенше жағдайлар саласының 3300-дей қызметкері шұғыл кезекшілікке шыққан.
Сонымен бірге Д.Сатылғановтың хабарлауынша, үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес оперативтік ахуал туралы есеп әрбір үш сағат сайын үкімет басшысының кеңсесіне баяндалуда.
Министрлік ақпаратына сәйкес, тек ақпанның 19 мен 20 аралығында Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жолдарда 400 адам, соның ішінде 11 бала мен 40 техника қар құрсаудан босатылды. 24-ақпанда Астанада Көкшетау тас жолының бойында қар құрсаудан 78 адам шығарылды. 25-ақпанда Қарағанды облысында 162 адам бөгеттен босатылды.
Министрлік ақпаратына сәйкес, 27-ақпанға дейін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және Қрағанды облыстарында күн райы тұрақсызданып, қар жауып, боран соғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті