З.Нұрқаділов №1 өрт сөндіру бөлімшесінде болып, онда өртке қарсы күрес қызметінің арнаулы отрядының жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, ол ТЭЦ-2 және «Сұлтан» ААҚ нысандарында болды. Бір көрген жерден нысандар ахуалына баға беруден бас тартқан агенттік төрағасы лауазымды адамдарға қаратып өтініш білдірді. «Жергілікті әрбір басшы, мейлі ол облыс әкімі болсын, мейлі аудан немесе ауылдық округтің әкімі болсын, Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттікке қарасты мекемелер мен ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтудың маңызын түсінуі қажет»,- деді З.Нұрқаділов.
Сондай-ақ, ол Солтүстік Қазақстан облысы — шекаралық аймақ ретінде республикалық мемлекеттік қызметтер мен ведомстволар басшыларының ұдайы назар төрінде екенін атап көрсетті.