ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі ғимараттардың жер сілкінісіне тұрақтылық картасын жасамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі ғимараттардың жер сілкінісіне тұрақтылық картасын жасамақшы

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі ғимараттардың жер сілкінісіне тұрақтылық картасын жасамақшы

Төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық мекемелерге еліміздің барлық елді мекендеріндегі ғимараттардың жер сілкінісіне тұрақтылық картасын жасауға тапсырма берілді. Бұл туралы бүгін, 24-мамырда ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Мұхамбет Көпей журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

Карталар үш айда жасалып бітуі тиіс. «Біз тәуекелдер мен болуы мүмкін қауіп-қатерлерді алдын-ала бағалап алмақшымыз»,- деді министр. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметі бойынша, еліміздегі ғимараттардың 30-80 проценті жер сілкінісіне тұрақтылық талабына сай келмейді.

Министрдің хабарлауынша, елімізде қазіргі жағдаймен сел жүру, лай -көшкін түсу, қар көшкіні түсу және тасқын болу қаупі бар жерлердің картасы жасалды. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, елімізде сел жүру қаупі бар 5650 , қар көшкіні түсу қаупі бар 800, лай -көшкін түсу қаупі бар 106 және тасқын болу қаупі бар 852 жер учаскелері бар.

Перейти к новостям спорта