ҚР Тұңғыш Президент қоры өзгерістерді басқару бойынша Салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасын жүзеге асыру аясында бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Тұңғыш Президент қоры өзгерістерді басқару бойынша Салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасын жүзеге асыру аясында бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда

ҚР Тұңғыш Президент қоры өзгерістерді басқару бойынша Салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасын жүзеге асыру аясында бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда

Бағдарлама Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында әзірленген және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың экономика мен әлеуметтік саланы мемлекеттік басқаруда жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігі туралы тапсырмасын сапалы орындауға бағытталған.

  • 13 Ақпан 2020
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаға жалпы басшылық етуді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Басқарушы комитет жүзеге асырады. Бағдарламаны іске асыруды Тұңғыш Президент қоры Үкіметтің жобалық офисімен бірге қамтамасыз етеді.

Бағдарлама аясында ҚР Үкіметімен бірлесіп 11 саладағы аса маңызды практикалық 49 мәселесі анықталып, оларды шешуге таңдаудан өткен 200 үміткер шоғырландырылады. Бағдарлама сауда және логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау және өнеркәсіп (соның ішінде – жаңа индустрия), су ресурстары, өңірлік даму және қалаларды басқару, туризм, мәдениет және спорт, білім беру, денсаулық сақтау және медиаиндустрия секілді салаларда өзгерістерді басқару бойынша

мамандарды іздеп және іріктеп көшбасшылар ретінде әрі қарай дайындау.

Үміткерлерді бағалау тестілеу, сұхбаттау (терең сұхбат, құзыреттілігі бойынша сұхбат) жағдаяттық міндеттер, бизнес-кейстер арқылы жүргізілетін болады.Үміткерлер тек қана белгіленген біліктілік талаптарын ескере отырып ғана емес, жеке, психологиялық, мінез-құлық сипаттамаларын бағалау арқылы да іріктелетін болады. Бастысы адам командада жұмыс істей білуі, нәтижеге бағытталуы, жауапкершілікті өз мойнына ала білуі маңызды.

Өтінімдерді қабылдау 15 қаңтардан басталды және 17 ақпанға дейін жалғасады. Бүгінгі күні бағдарламаға қатысу үшін 2235 кандидат үн қосты. Кандидаттардың басым бөлігі сауда және логистика, білім беру және құрылыс салаларына тиесілі. Су ресурстары, Өңірлік даму және қалаларды басқару, ауыл шаруашылығы сияқты салаларында өтінімдер ең аз санын жинады.


Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға тәлімгер ретінде мемлекеттік және жеке секторда, соның ішінде шетелде жұмыс істейтін мамандар, озат практикалық тәжірибесі бар, кәсіби білімі және ең бастысы-Мемлекеттің өркендеуіне жеке үлес қосуға ниеті бар ҚР азаматтары шақырылады.

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін 17 ақпанға дейін түйіндемеңізді кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсете отырып: cv@elumiti.kz электрондық поштасына жіберуіңізге болады. Сондай-ақ, сіз жоба беттерінің жаңартулары мен жаңалықтарын қадағалай аласыз Facebook-тегі салалық менеджерлерді дайындау жөніндегі бағдарлама және Telegram-да салалық менеджерлер парақшалары.

Соңғы жаңалықтар