ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі кезінде халықтың еңбегі туралы айту қажет - Ә.Смайылов
![]() |
Бүгін ҚР Статистика агенттігінде желтоқсанның 1-і - ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік жиын өтті. |
Аталған мейрамды қалайша тойлау қажеттігіне тоқталған агенттік төрағасы Әлихан Смайылов: «Шыны керек, 20 жылдың ішінде біз жоғары жетістіктерге жетіп, өзімізді зайырлы мемлекет ретінде барша әлемге таныттық. Біздің соңғы жетістігіміз - «EXPO-2017» көрмесін өткізу мүмкіндігі соның бірден-бір айғағы бола алады. Әлем елдері Астанаға дауыс беріп, «EXPO-2017» халықаралық көрмесін осы жерде өткізуді қалады. Міне, осының бәріне қуану қажет. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мейрамы кезінде осы жетістіктерді ұлықтап, қазақстандықтардың өз елі үшін мақтаныш сезімін күшейту керек. Біздің қазіргі жетістіктеріміз - ол халықтың еңбегі. Әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін де ұмытуға болмайды», - дейді Ә.Смайылов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін