ҚР Тұңғыш президенті қоры журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Тұңғыш президенті қоры журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

ҚР Тұңғыш президенті қоры журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматыда ҚР Тұңғыш президенті қоры бір топ журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

  • 27 Маусым 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов қор өткізетін іс-шараларды жарыққа шығарып, қолдау көрсеткендері үшін тілшілерге алғысын білдіріп: «Сіздерге кәсіби жетістіктер мен сарқылмас жігер, егемен Қазақстанның игілігі жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін»,-деді.

Барлық журналистер сыйақымен, алғыс хаттармен және гүл шоқтарымен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында телеарна, баспасөз және ақпараттық агенттік тілшілері бар. «ҚазАқпарат» агенттігінің Алматы қаласындағы қосынының тілшілері Айгүл Тұрысбекова мен Нәзира Елеухан және фото тілші Александр Павский Қор сыйлығының иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар