ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында Түркі әлеміне арналған көрме ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында Түркі әлеміне арналған көрме ұйымдастырылады

ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында Түркі әлеміне арналған көрме ұйымдастырылады

2012 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Түркі әлемі» атты көрме ашылады.

  • 29 Қазан 2012
  • 518
Фото - Caravan.kz

ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайының бұл көрмесі ТҮРКСОЙ-дың Астананы — «Түркі әлемінің 2012 жылғы мәдени астанасы» ретінде жариялау бастамасына арналды.

Экспозициялық жобаның әріптестері «Назарбаев орталығы», Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейлері, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы, Отырар мемлекеттік қорық-мұражайы және танымал ғалым-түркологтар. Жобаның ғылыми кеңесшісі «Назарбаев орталығының» ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досымбаева Айман Медеубайқызы.

Экспозицияның көркемдік-графикалық шешімі Музейдің Күмбезді залы астында түркі әлеміне шарлау үшін жарық пен бейне әсерлерді пайдалануға негізделген. Мұндай әдіс арқылы көрме ұйымдастырушылары қонақтарды ұсынылған материалдармен толықтай тиімді, нәтижелі байланысқа тартып, түркі әлемінің кең-байтақ тылсым әуенімен үндестіруге ықпал етеді.

Көрмеде Қарлұқ, Қарахан және Қыпшақ мемлекеті сияқты ортағасырлық мемлекеттердің мәдениетіне бір қадам жақындататын ортағасырлық тас мүсіндер, түрік руна жазбалары мен басқа да археологиялық артефактілер ұсынылған. Археологиялық зерттеулер барысында табылған көптеген жәдігерлер зал экспозициясынан лайықты орын алды. Түркілердің тарихи-мәдени мұрасының өзекті мәселелері жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері көрмеге негізгі арқау болды.

Соңғы жаңалықтар