дене шынықтыру саласының қызметкерлері мен ардагерлерін, әуесқойлар мен жанкүйерлерді алдағы жексенбі, тамыздың 15-і күні атап өтілетін Спорт күні мерекесімен құттықтады.
«Спорт адамды мықты, әдемі, батыл әрі өз-өзіне сенімді етеді. Спорт дегеніміз — денсаулық, ал дені сау ұлт — мықты мемлекет. Қазақстан — спорттық республика. Біздің жерлестеріміздің арасында өз отанын әлемге танытып жүрген көптеген кәсіпқой спортшылар бар. Біз олимпиадалық чемпиондарымызбен мақтанамыз, олардың бірінші болуға ұмтылуы жас ұрпаққа үлгі.
Елбасының қолдауы арқасында жоғары жетістіктер спорт пен дене шынықтыру қозғалысы мемлекеттік саясаттың маңызды басымдылықтарының бірі болып табылады, ал спорттық стиль мен салауатты өмір салтын ұстанушылар елімізде көбейіп келеді. Спорттық акцияларға жыл сайын республиканың ондаған мың тұрғындары қатысады. Қазір Қазақстанда дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға мүмкіндіктер кеңейтіліп отыр. Қалалар мен ауылдарда заманауи спорт ғимараттары, залдар мен бассейндер тұрғызылуда», — делінген министрдің құттықтауында.
Сондай-ақ ол соңғы уақыттары Қазақстанда чемпионаттар мен халықаралық деңгейдегі ірі жарыстар жиі өткізіле бастағанын тілге тиек етіп, 2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өтетін 7-ші қысқы Азия ойындары соның бір дәлелі екендігін атап өтті.
«Осы күні жаттықтырушылық қызметті таңдап, спорт кәсібін меңгерген барлық қазақстандықтарға салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін ерекше алғыс айтамын. Кәсіби мерекелеріңізде сіздерге денсаулық, жоғары сынақты медальдар мен жаңа жеңістер тілеймін!», — деді ведомство басшысы.