ҚР ТЖМ: Қараңғы кеште басталған өрт екі ер адамға ажал құштырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ТЖМ: Қараңғы кеште басталған өрт екі ер адамға ажал құштырды

ҚР ТЖМ: Қараңғы кеште басталған өрт екі ер адамға ажал құштырды

Талдықорған қаласында қараңғы кеште жекеменшік тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

  • 30 Қазан 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz

Үш шаршы метр аумаққа тараған өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

Оқиға орнында екі 50 жастағы ер адамның мүрделері анықталды.

Бұдан басқа, Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы «Екібастұз и К» ЖШС-нің ет өңдеу комбинатында термиялық өңдеу цехындағы жылытқыш өртеніп, оның соңы шатырдың жарым-жартылай құлауына соқтырды.

Өрт 3,5 сағаттан кейін жойылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 38 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын 800 шаршы метр аумаққа тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар