ҚР ҰҒА-да НАТО-ның бас хатшысы еліміздің ғылыми зерттеушілерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҒА-да НАТО-ның бас хатшысы еліміздің ғылыми зерттеушілерімен кездесті

ҚР ҰҒА-да НАТО-ның бас хатшысы еліміздің ғылыми зерттеушілерімен кездесті

Елімізде ресми сапармен жүрген НАТО-ның бас хатшысы Джордж Робертсон бүгін ҚР Ұлттық Ғылым Академиясында еліміздің ғылыми зерттеушілерімен кездесті.

  • 10 Шiлде 2003
  • 613
Фото - Caravan.kz

Кездесуде атап көрсетілгеніндей, НАТО-ның ғылыми бағдарламасы аталмыш ұйымға мүше-елдердің ғалымдары мен ТМД республикаларының ғалымдары арасында халықаралық ынтымақтастық орнатуға әртүрлі ықпалдастық тетіктері арқылы түрткі болуда. Атап айтсақ бұл — ғылыми шәкіртақылар беру, ғылыми-зерттеушілік инфрақұрылымға жәрдем жасау, «Ғылым-бейбітшілік игілігі үшін» бағдарламасы аясында зерттеу жобаларын жүзеге асыру болып табылады. Қазір НАТО-ның ғылыми комитеті дүниежүзінің 19 мемлекетімен ынтымақтастық жасап отырған Қазақстандық 30 зерттеуші топқа қолдау көрсетуде.

«Ғылым-бейбітшілік игілігі үшін» бағдарламасы аясында зерттеу гранттарын жеңіп алу мақсатында жүргізілген байқау нәтижесінде НАТО-ның ғылыми комитеті екі жобаны мақұлдады. Олардың бірі Семей ядролық полигоны аймағындағы Сарыжал ауданында радиологиялық ахуалға зерттеу жүргізуге бағытталған.
Ал «Желідегі Жібек жолы» деп аталатын екінші жоба Орталық Азия және Закавказье елдерінің ғылыми және білім беру мекемелеріне арзан бағамен Интернет желісіне шығуға мүмкіндік беруді көздейді.
Ал НАТО-ның «Перспектива 2100» атты екінші бағдарламасы аясында Қазақстандық жас ғалымдар аталмыш ұйымға мүше-елдердің ғылыми-зерттеу лабораторияларында білім жетілдіруге бағытталған жыл сайынғы 200 шәкіртақыны жеңіп алуға бағытталған байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен бірге, мұнайгаз нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және лаңкестік әрекет сынды қауіп-қатерден сақтану мақсатымен Қазақстан үкіметі мен АҚШ-тың сауда және даму өніндегі Агенттіктері арасында мұнайгаз нысандарын қорғау жобасы бойынша Техникалық-экономикалық негіздеме дайындау үшін Қазақстанға грант бөлу туралы келісімге қол қойылады . Аталмыш келісімге биылғы жылдың қыркүйек айында Вашингтон қаласында өтетін Америка Құрама Штаттарымен энергетикалық серіктестік жөніндегі арнаулы комиссияның 2-отырысында қол қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар