ҚР үкімет басшысы Алматы әуежайының жолаушы терминалы құрылысының барысымен танысады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы Алматы әуежайының жолаушы терминалы құрылысының барысымен танысады

ҚР үкімет басшысы Алматы әуежайының жолаушы терминалы құрылысының барысымен танысады

Бүгін, 8-тамызда үкімет басшысы Даниал Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Алматыны аралап, қалалық әуежайдың жолаушы терминалы құрылысының барысымен танысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Тамыз 2003
  • 457
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы халықаралық әуежайының жаңа жолаушы терминалының құрылысы 2000-жылы 14-желтоқсанда басталған болатын. Құрылыстың бас мердігері — «Имсталькон-1» компаниясы болып табылады. Жобаның жалпы құны 25 млн. долларды құрайды . Құрылыс жұмыстары 2001-жылдың 16-желтоқсанында аяқталуы тиіс болатын. Алайда, жобаны халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіруге, және басқа да қиындықтарға байланысты терминалдағы құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.

Жобаны түзету нәтижесінде терминалдың жалпы алаңы қосымша қабаттар салу арқылы 28,9 мың шаршы шақырымға дейін арттырылды. Сондай-ақ, жалпы аумағы 8,5 мың шаршы шақырымды құрайтын 320 машинаға есептелген 4-қабатты автотұрақ салынды. Бұрынғы жобадағы 3 телескоптық траптың орнына 4 трап және ауыспалы галерея салынып, 8 әуе көлігіне арналған перрон жаңаланды. Соның нәтижесінде терминалдың өткізгіштік қабілеті сағатына 1 мыңнан 1,3 мың жолаушыға дейін артты.
Терминалдың энергиялық жүйесін тоқпен қоректендіру үшін 10 шақырымдық электр тарату желісі тартыла бастады, өрт сөндіру жүйесін сумен қамтамасыз ету үшін 4,1 шақырымдық Талғар су тарту арнасы салынды. Әрбіреуінің сыйымдылығы 1 мың текше метрді құрайтын 2 резервуардан құралған автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылды.
Сондай-ақ, терминал ғимарат ішіндегі микроклиматтың көрсеткіштерін , су және электр қуатын тұтыну мөлшерін реттеп, инженерлік жүйелерді қадағалайтын интеллектуалдық тапсырыс жүйесімен жабдықталды.
Жолаушыларға даяшылық көрсету үшін кең форматты мониторларды пайдалану арқылы аудиовизуалдық ақпарат беруші халықаралық FIDS жүйесі қолданылады.
Терминалда жолаушыларды тіркеуге арналған барлығы 32 нүкте, 18 кедендік және 26 жолаушыларды бақылау бағаны, 4 эскалатор, лифтлер мен жүк көтеруші қондырғылар ескерілген.
Осындай өзгертулерді ескергенде жобаның сметалық құны 52,2 млн. долларға жетеді. Мердігерлер нысанды 2003-жылдың 4-тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.
Алматы қалалық әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, қазір терминал ғимаратында қабырғаларды өңдеу, едендерді мәрмәрмен қаптау, есіктерді орнату жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, техникалық мақсаттағы насостық және трансформаторлық қосалқы станциялардағы, электр тарату желісін тарту және қосалқы станциялар салу жұмыстары да одан әрі жалғасуда.