ҚР үкімет басшысы Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетін жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетін жоғары бағалады

ҚР үкімет басшысы Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетін жоғары бағалады

"Экономикалық даму деңгейіне қарай Ақтөбе облысында біршама ілгерілеушілік байқалады. Облыс тұрақты дамуға ден қойды". Ақтөбе облысына жасаған жұмыс бабындағы іссапарын қорытындылауға арналған шағын баспасөз мәслихатында үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай тұжырым жасады.

  • 25 Тамыз 2003
  • 554
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе облысында шикізат саласына жатпайтын жоғары технологиялы озық кәсіпорындар ашылуда. Соңғы бір жылда өнеркәсіп өнімінің деңгейі 14 процентке артты. Ал жарты жыл ішінде 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды»,- деді үкімет басшысы .

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкімет басшысы 22 және 23-тамыз күндері жұмыс бабындағы сапармен Ақтөбе облысын аралап қайтты. Осы мерзімде Д.Ахметов «Хромтау-Алтынсарин» бағытындағы темір жол және Ақтөбе-Қостанай бағытындағы автожол торабының құрылысымен танысты.
23-тамыз, сенбіде үкімет басшысы Жаңажол мұнай кенішінде болып, ондағы «SNPS Актөбемұнайгаз» екінші газ өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Қытайлық инвесторлар Д.Ахметовқа өндірістік қуаты жылына 2 млн. тонна мұнай өндіріп, 700 млн. текше метр газ өңдейтін зауыт жұмысымен таныстырды. Жаңажол газ өңдеу зауыты басшылығының атап көрсетуінше, зауыттың екінші кезегі қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде мұнай тазарту және газ өңдеу көлемі біршама артады деп күтілуде. Соңғы 6 жылда Қытайлық инвесторлар Қазақстан экономикасына 681 млн. доллар құйды. Ал таяудағы екі жылда 40 МВт-тық қуаты бар Жаңажол газ құбыры станциясы мен Жаңажол-Жем бағытындағы темір жол тармағын салуға 300 млн. доллар жұмсалады деп межеленуде.