ҚР Үкімет басшысы Дубно қаласында Біріккен ядролық зерттеулер институтының директорымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкімет басшысы Дубно қаласында Біріккен ядролық зерттеулер институтының директорымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Үкімет басшысы Дубно қаласында Біріккен ядролық зерттеулер институтының директорымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ресейге сапары барысында Дубно қаласында болды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 406
Фото - Caravan.kz

Кәрім Мәсімов Дубнода Біріккен ядролық зерттеулер институтының (БЯЗИ) директоры Виктор Матвеевпен кездесті. Жүздесу барысында ҚР Ұлттық ядролық орталық пен БЯЗИ арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ атом саласына мамандар дайындау жайы қозғалды.

«Дубнаға өте қызықты сапар. Біріккен ядролық зерттеулер институтының директоры (БЯЗИ) Виктор Матвеевпен кездестім, бірлескен жобаларды талқыладық», -делінген.

БЯЗИ — қазіргі таңдағы іргелі зерттеулер және сапалы білім бар ірі халықаралық ғылыми орталық. БЯЗИ құрылтайшылары 18 ел болып табылады, соның ішінде біздің ел де бар (Қазақстан 1992 жылдан бастап БЯЗИ мүшесі). Дубнадағы инновациялар — бұл қазіргі таңдағы ақиқат. Дубна және біздің «Алатау» АТП серіктестер. Дубнада Алматыдағы Ядролық физика институтын сағынышпен еске алатын көптеген алматылықтар жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар