«Әзірге ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің құрылымын өзгертуге қажеттілік туындай қойған жоқ»,- деп мәлімдеді үкімет басшысы.
«Өз басым, мемлекеттік құрылымдар төрт аяғын тең басып, орнығуы тиіс деген консервативтік көзқарасты қолдаймын»,- деді премьер-министр.
Дейтұрғанмен, Д.Ахметов «мұнай өндіру көлемі артып, мұнай өңдеу саласы дамыған кезеңде дербес мұнай және газ министрлігін құру қажеттілігі туындауы ықтималдығын» жоққа шығармайды.