Жарияланды: 420

ҚР үкімет басшысы еліміздің 2003-жылғы даму қорытындысын шығарды

"Тұтастай алғанда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер табысты орындалды",- деді бүгін, 29-желтоқсанда Астанада еліміздің 2003-жылғы алдын-ала даму қорытындысын шығарған үкімет басшысы Даниал Ахметов.

Мәселен, Д.Ахметовтың мәліметіне жүгінсек, 2003-жылы Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9-9,2 процентті, жалақының нақты өсімі 7,6 процентті, өнеркәсіп өнімінің өсімі 8,4-8,5 процентті құрады. Үкімет басшысының айтуынша, өнеркәсіп саласында құрылымдық өзгерістер болды. Айталық, өңдеу өнеркәсібі саласының үлес салмағы 43 процентті құрап, 2002-жылғы көрсеткіштен шамамен 30 процентке артты. Негізгі капиталға салынған инвестиция 10 процентті, жылдық орташа инфляция деңгейі 6,5 процентті құралы. Сондай-ақ, үкімет бсшысының айтуынша, жүк тасымалдау деңгейі 9,5 процентке өсті. Сөйтіп, Д.Ахметовтың айтуынша, төрт жыл ішінде еліміздің экономикалық өсімі 49 процентті құрады. "Бұл дерек еліміздің тұрақты өсімге ден қойғанын айғақтайды",- деді ҚР үкімет басшысы. Үкімет басшысының айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіп кешені 50 млрд. теңге көлеміндегі мемлекеттік инвестицияны игерді. "2003-жылғы астық түсімі айтуға тұрарлық",- деп атап көрсеткен үкімет басшысы ауылшаруашылығы министрлігіне "еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді" тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін