ҚР үкімет басшысы еліміздің 2003-жылғы даму қорытындысын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы еліміздің 2003-жылғы даму қорытындысын шығарды

ҚР үкімет басшысы еліміздің 2003-жылғы даму қорытындысын шығарды

"Тұтастай алғанда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер табысты орындалды",- деді бүгін, 29-желтоқсанда Астанада еліміздің 2003-жылғы алдын-ала даму қорытындысын шығарған үкімет басшысы Даниал Ахметов.

  • 29 Желтоқсан 2003
  • 405
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Д.Ахметовтың мәліметіне жүгінсек, 2003-жылы Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9-9,2 процентті, жалақының нақты өсімі 7,6 процентті, өнеркәсіп өнімінің өсімі 8,4-8,5 процентті құрады. Үкімет басшысының айтуынша, өнеркәсіп саласында құрылымдық өзгерістер болды. Айталық, өңдеу өнеркәсібі саласының үлес салмағы 43 процентті құрап, 2002-жылғы көрсеткіштен шамамен 30 процентке артты. Негізгі капиталға салынған инвестиция 10 процентті, жылдық орташа инфляция деңгейі 6,5 процентті құралы. Сондай-ақ, үкімет бсшысының айтуынша, жүк тасымалдау деңгейі 9,5 процентке өсті.

Сөйтіп, Д.Ахметовтың айтуынша, төрт жыл ішінде еліміздің экономикалық өсімі 49 процентті құрады. «Бұл дерек еліміздің тұрақты өсімге ден қойғанын айғақтайды»,- деді ҚР үкімет басшысы.
Үкімет басшысының айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіп кешені 50 млрд. теңге көлеміндегі мемлекеттік инвестицияны игерді. «2003-жылғы астық түсімі айтуға тұрарлық»,- деп атап көрсеткен үкімет басшысы ауылшаруашылығы министрлігіне «еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді» тапсырды.

Соңғы жаңалықтар