ҚР Үкімет басшысы Францияның ірі компанияларының басшыларымен жұмыс бабындағы таңғы асқа қатысты
![]() |
Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Парижде жұмыс бабындағы таңғы асқа қатысты. |
«MEDEF штаб-пәтерінде Францияның ірі компаниялары мен экономикалық ұйымдарының басшыларымен жұмыс бабындағы таңғы ас болды», деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі блогына.
«Ірі француз компанияларының өкілдерімен кездесу басталды», - деп жазады Үкімет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, сапар барысында Кәрім Мәсімовтың Франция Премьер-Министрі Франсуа Фийонмен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесулері жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Францияның іскер топ өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізіледі және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларында бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Толығырақ ақпаратты http://pm.kz сайтынан және http://vkontakte.ru/kmassimov блогынан оқи аласыздар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін