ҚР Үкімет басшысы Францияның ірі компанияларының басшыларымен жұмыс бабындағы таңғы асқа қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкімет басшысы Францияның ірі компанияларының басшыларымен жұмыс бабындағы таңғы асқа қатысты

ҚР Үкімет басшысы Францияның ірі компанияларының басшыларымен жұмыс бабындағы таңғы асқа қатысты

Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Парижде жұмыс бабындағы таңғы асқа қатысты.

  • 27 Маусым 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

«MEDEF штаб-пәтерінде Францияның ірі компаниялары мен экономикалық ұйымдарының басшыларымен жұмыс бабындағы таңғы ас болды», деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі блогына.

«Ірі француз компанияларының өкілдерімен кездесу басталды», — деп жазады Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, сапар барысында Кәрім Мәсімовтың Франция Премьер-Министрі Франсуа Фийонмен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесулері жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Францияның іскер топ өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізіледі және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларында бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Толығырақ ақпаратты http://pm.kz сайтынан және http://vkontakte.ru/kmassimov блогынан оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар