ҚР үкімет басшысы "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті мен "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның төрағасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті мен "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның төрағасын қабылдады

ҚР үкімет басшысы "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті мен "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның төрағасын қабылдады

Бүгін, 9-қаңтарда Астанада ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның президенті Вагит Алекперов пен "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның төрағасы Ұзақбай Қарабалинды қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 386
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде «Түпқараған» және «Аташ» кеніштерін бiрлесе игеру жөнiндегi «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ арасындағы келiсiмдi Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путиннiң Қазақстанға ресми сапары барысында қол қоюға дайындауға байланысты бiрқатар мәселелер талқыланды.

Даниал Ахметов бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы Каспий мұнайына қатысты айрықша маңызды жобалардың бiрі екенiне тоқтала келе, оны жүзеге асырудан екi ел де үлкен нәтиже күтетiнiн айтты.
«Қазақстан Республикасының үкiметi мен сіздердің, басқаша айтқанда баршамыздың мүддемiз ортақ. Және бiз екі жақтың да мүддесін бірдей қорғаймыз. Демек, бұл жобаны тездетiп iске асыруға кiрiскеніміз жөн,- дедi Даниал Ахметов.
Сөз кезегiн алған Вагит Алекперов ҚР үкiмет басшысына жан-жақты қолдау көрсеткенi үшiн алғыс айтып, қазақстандық мұнайшылардың кәсiби біліктілігіне жоғары баға бердi.

Соңғы жаңалықтар