ҚР үкімет басшысы мен "Стройтрансгаз" ААҚ президентінің кездесуінде Қазақстандағы газ саласын дамыту мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы мен "Стройтрансгаз" ААҚ президентінің кездесуінде Қазақстандағы газ саласын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР үкімет басшысы мен "Стройтрансгаз" ААҚ президентінің кездесуінде Қазақстандағы газ саласын дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін, 19-қазанда үкімет басшысы Даниал Ахметов пен "Стройтрансгаз" ААҚ президенті Виктор Лоренцтің кездесуінде Қазақстандағы газ саласын дамытудың кейбір мәселелері қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қазан 2004
  • 477
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан табиғи газ қоры дәлелденген әлемдегі жетекші елдер қатарына қосылатыны, ТМД елдері аумағында газ өндіруші және экспорттаушы негізгі үш мемлекеттің біріне айналатыны атап өтілді.

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, 94 кен орнына шоғырланған еліміздегі барланған және бағаланған газ қоры бүгінде 3,0 трлн. текше метрді құрайды. Сонымен бірге 2010 жылы шикі газ өңдеудің болжамды көлемі бес есеге жуық өсіп, жылына 61,1 млрд. текше метрді құрайды деп күтілуде.
Үкімет басшысының пікірінше, газды тауар түрінде өндіру және сату мөлшерін арттыру, сондай-ақ табиғи газдың халықаралық транзитін арттыру, газ жөнелту жүйесін жаңартуға және оның өткізгіштік қабілетін арттыруға бағытталған шараларды пәрмендендіруге мүмкіндік береді. Саланың өндірістік дамуының басты нәтижесінің бірі тұрғындарды табиғи газбен толық қамтамасыз ету болып табылады.
Үкімет басшысы бағдарламаның ұйымдастыру-құрылымдық және нормативтік-техникалық шараларын іске асыру айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық талаптарды қамтамасыз етуге және экологиялық жағдайды сауықтыруда принципті шешімдер табуға жол ашатынын атап өтті.

Перейти к новостям спорта