ҚР үкімет басшысы Ресей үкіметінің отставкаға кетуі екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді дегенге сенім білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы Ресей үкіметінің отставкаға кетуі екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді дегенге сенім білдірді

ҚР үкімет басшысы Ресей үкіметінің отставкаға кетуі екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді дегенге сенім білдірді

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Михаил Касьянов басқарған Ресей үкіметінің отставкаға кетуі Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді дегенге сенім білдірді. Бүгін, 25-ақпанда Астанада мұнай консорциумымен келісімге қол қою рәсімінен кейін журналистер сауалына жауап берген Д.Ахметов осындай мәлімдеме жасады.

  • 25 Ақпан 2004
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Владимир Путиннің ұстанымдарына сәйкес саясат немесе экономика салаларының қай-қайсысында да екі ел арасындағы қарым-қатынас тұрақты нығая түспек»,- деді Д.Ахметов. «Бір-бірін заңды алмастыратын әрбір үкімет мұрагерлік принципіне бағынып, мемлекет басшылары қол қойған құжаттарға арқау болған бұрынғы қарым-қатынастарды сақтап қалады»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-ақпанда Ресей президенті В.Путин М.Касьянов басқаратын үкіметті отставкаға жіберетінін жариялады. «Бұл бұрынғы үкімет жұмысының нәтижесін бағалауға мүлдем байланысты емес. Жалпы, бұл үкіметтің жұмысын мен қанағаттанарлық деп бағалаймын. Бұл шешім 2004-жылғы 14-наурыздан кейін еліміздің даму бағдары қандай болады деген мәселе бойынша өз ұстанымымды тағы бір паш етуге деген талпыныстан туындап отыр»,- деді Ресей президенті.
Әзірге Ресей үкімет басшысының міндеті 1998-жылдың сәуір айынан бері РФ үкімет басшысының орынбасары лауазымын атқарып келген Виктор Христенкоға уақытша жүктелді.

Соңғы жаңалықтар