ҚР Үкімет басшысы республикалық және облыстық құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкімет басшысы республикалық және облыстық құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берді

ҚР Үкімет басшысы республикалық және облыстық құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берді

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Маңғыстау өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ бұрғылау жұмыстары басқармасының өндірістік базасына барып, мұнайшылармен кездесті.

  • 22 Қараша 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz

Ол мұнайшылар қаласының бірнеше әлеуметтік нысандарын аралады. Атап айқанда, ол 60 орынға арналған мектепке дейінгі шағын орталыққа барды. Одан кейін «Өзенмұнайгаз» АҚ кеңсесінде Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша облыстық активтің кеңейтілген жиналысын өткізді.

«Ағымдағы жылдың қазан айында Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспары бойынша өзектілендіру өткізілді. Жалпы сомасы 14,6 млрд. теңгеге 38 шара жүзеге асырылуда. Олардың ішіндегі үлкен үлесі — 8 млрд. теңге — республикалық бюджеттің қаражаты. Барлық бөлінген қаражаттарды толық мөлшерде ағымдағы жылдың аяғына дейін игеру жоспарлануда», — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов.

Кеңесте ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мұнай саласының проблемаларын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясының геологиялық-барлау жұмыстарын жеделдетуге елеулі қаражат бөлінуде. Бұл мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты. Мысалы, бүгінде «Өзенмұнайгаз» АҚ компаниясының мұнай өндіруі қысқартылды. Оның есесін толтыру әзірше мүмкін емес, 700 мың тоннаға қалып келеміз. Өндіру көлемінің деңгейін айына 13,5 тоннаға дейін жеткізу міндеті қойылды», — деп атап өтті ол.

ҚР Премьер-Министрі облыс активінің кеңейтілген жиналысында Маңғыстау облысының әкімдігіне мүдделі органдармен бірге аймақты одан әрі дамыту бойынша шаралар кешенін дайындау, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жұмысты белсенді жүргізу, шағын бизнестің облыс экономикасындағы үлесін арттыруды және азаматтарды шағын несиелермен қамтамасыз ету, сондай-ақ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беруге көңіл бөлуді, Маңғыстау облысының барлық нысандарының сумен қамтамасыз етілу мәселесін шешуді тапсырды.

Жалпы алғанда, Премьер-Министр Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының жүзеге асырылуы және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға берді.