ҚР үкімет басшысы РФ Федералдық жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы РФ Федералдық жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновты қабылдады

ҚР үкімет басшысы РФ Федералдық жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновты қабылдады

Бүгін, 13-желтоқсанда үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстанда ресми сапармен жүрген Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 403
Фото - Caravan.kz

Кездесу кезінде екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту барысына қанағаттанушылық білдірілді, тараптардың пікірінше, оның кеңеюі екі ел арасындағы тең құқықтық әріптестік пен тату көршіліктің қосымша куәсі болып табылады.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, Қазақстан мен Ресей отын-энергетикалық кешені, көлік, инвестиция мен инновациялық қызмет саласы тәрізді қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндіктері мол. Бұдан басқа да кең көлемді әрі өзара тиімді екі жақты ынтымақтастыққа кеңінен жол ашық екені айтылды.
Қазақстан Үкіметінің басшысы екі ел арасындағы зымырандық-ғарыштық саладағы өзара іс-әрекеттің үдемелілігін оң бағалады, оның сөзінше, Байқоңыр айлағындағы «Бәйтерек» зымырандық-ғарыштық кешенді құру және «ҚазSat» қазақстандық байланыс спутнигін ұшыру тәрізді мұндай бірлескен жобаны іске асыру соның айқын дәлелі.
Өз кезегінде Сергей Миронов ЕурАзЭҚ, Орталық Азиялық ынтымақтатсық, Бітұтас Экономикалық Кеңістік, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты сияқты өңіраралық бірлестіктер аясында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанушылық сезімін жеткізіп, осы ұйымдар шеңберінде екі елдің өзара іс-әрекеті нығайып, кеңейе түсетініне сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта