ҚР үкімет басшысы үкіметтің жаңа мүшелерін таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы үкіметтің жаңа мүшелерін таныстырды

ҚР үкімет басшысы үкіметтің жаңа мүшелерін таныстырды

ҚР премьер-министрі Даниял Ахметов 16-маусым, дүйсенбіде үкіметтің жаңа мүшелерін таныстырды,- деп хабарлайды ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметі.

  • 16 Маусым 2003
  • 485
Фото - Caravan.kz

Елбасының жарлығымен индустрия және сауда министрі болып Әділбек Жақсыбеков, қаржы министрі болып Ерболат Досаев тағайындалды. Сондай-ақ, ҚР президенті өз жарлығымен Темірхан Досмұхамбетовты Астана қаласының әкімі етіп тағайындады. KZ-today тілшісіне президент әкімшілігіндегі сенімді ақпарат көзінен хабарлауынша, Елордасының жаңа әкімін 16-маусымда түстен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тікелей қалалық әкімшілік ұжымына таныстырады деп күтілуде.

Әділбек Жақсыбеков 1954 -жылы дүниеге келген. Мәскеудің Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының экономика факультеті мен Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының жанындағы жоспарлау факультетін бітірген. Экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. 1996-жылға дейін «Цесна » корпорациясының президенті болды. 1996-жыл бойы ҚР парламентінің сенат депутаты, 1997-жылдан бері Астана қаласының әкімі.
Ерболат Досаев 1970-жылы туған. Алматы энергетика институтын тәмамдаған, электрондық техника инженері. 1997-жылы «ТұранӘлемБанкі» ЖАҚ басқармалары төрағасының орынбасары, кейінірек «АТФбанк» ЖАҚ-ның басқарма төрағасы болып қызмет атқарды. 1998-жылы ҚР үкімет басшысының кеңесшісі болды. Ал 1998-жылдың шілде айынан энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары , 2000-жылы қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2001-жылы Қазақстан даму банкінің директорлар кеңесінің төрағасы болып бекітілді. 2002-жылдың қаңтарында ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау Агенттігінің төрағасына тағайындалды. «Қазақстанның даму банкі» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Темірхан Досмұхамбетов 1949-жылы дүниеге келген. Қазақ физкультура және Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетін бітірген. Мамандығы денешынықтыру пәнінің мұғалімі және заңгер. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
1996-жылдың қаңтарына дейін «Яссауи» АК-ның президенті, 1997-жылдың наурызына дейін ҚР жастар ісі және спорт жөніндегі министрі, 1997-жылдың қыркүйегіне дейін ҚР білім және мәдениет министрлігінің туризм және спорт департаментінің директоры, ҚР білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің туризм және спорт комитетінің төрағасы болды. 1998-жылдың қыркүйек айынан бері ҚР президенті әкімшілігінің іс басқарушысы міндетін атқарды.

Соңғы жаңалықтар