ҚР үкімет басшысы Жамбыл облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы Жамбыл облысына барады

ҚР үкімет басшысы Жамбыл облысына барады

Алдағы сенбі, 21-маусымда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов жер сілкінісіне қатысты жергілікті тауқыметтерді өз көзімен көріп қайту үшін Жамбыл облысына бармақ ниетте. Бұл туралы ол жаңа құрамдағы министрлер кабинетінің бүгін, 17-маусымда Астанада өткен бірінші отырысында хабарлады.

  • 17 Маусым 2003
  • 381
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметов сондай-ақ, сәрсенбі және бейсенбіде «негізгі министрліктердің тындырып жатқан іс-шараларымен танысу үшін » министрлермен кездесуге құлшыныс білдірді. Үкімет басшысы кабинет мүшелерінен осы кездесулерге орай «кең көлемді ақпарат» дайындауды сұрады.

Сондай-ақ, Д.Ахметов бюджеттік комиссияның отырыстары дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тұрақты өткізіліп тұратынын, ал экономикалық саясат жөніндегі кеңестің бас қосуы апта сайын сейсенбі күні түс қайта өткізілетінін хабарлады.
Бюджеттік комиссияның кезекті отырысы ертең, 18-маусымда өтеді деп белгіленді.

Соңғы жаңалықтар