ҚР үкімет басшысы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

ҚР үкімет басшысы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Бүгін, 3-қыркүйекте ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қыркүйек 2004
  • 389
Фото - Caravan.kz

Облыс орталығындағы әуежайға табан тіреген Д.Ахметов «Петропавл халықаралық әуежайы» ААҚ-ның даму жоспарының тұсаукесеріне қатысты. Сондай-ақ, үкімет басшысы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, осындағы обсерваторияның ашылуына қатысып, білім ошағының оқытушы-студенттерімен әңгімелесті. Сондай-ақ, түске дейін үкімет басшысы осындағы тұрғын үй және әлеуметтік құрылыс нысандарында, атап айтсақ, құрт ауруына қарсы диспансердің жаңа корпусында болды.

Түстен кейін Д.Ахметов Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округінің Подгорное ауылына ат басын бұрып, «Черниязов» шаруа қожалығындағы түсім жинау барысымен танысып, аудандық аурухана құрылысын аралап көреді деп күтілуде.
Бұған қоса үкімет басшысы облыс атқамінерлерінің бас қосуына қатысады.

Перейти к новостям спорта