Концессиялық жобаларға негізгі талап — Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес келуі болмақ.
Критерийлер тізімі он тармақтан тұрады. Олардың ішінде — концессионерлер қызметін көзделген көлемдер мен шарттар бойынша мемлекеттік қолдау, жаңа технологияларды тарту, концессиялық жобаны жүзеге асыруда тартылатын инвестициялардың көлемін арттыруды және жұмыспен қамтуды ынталандыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және жұмыстың қауіпсіз жүргізілуі талаптары бар.
Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.