ҚР үкіметі 2004-2006-жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын түзетулер қоса отырып қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі 2004-2006-жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын түзетулер қоса отырып қабылдады

ҚР үкіметі 2004-2006-жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасын түзетулер қоса отырып қабылдады

Бүгін, 29-желтоқсанда Астанада өткен үкімет отырысында 2004-2006-жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасы түзетулер қоса отырып қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 29 Желтоқсан 2003
  • 594
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаны үкімет мүшелеріне таныстырған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Қайрат Әйтекеновтың айтуынша, құжатта еліміздегі шағын қалаларды тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған негізгі мақсаттар айқындалған. Вице-министр еліміз бойынша 60 шағын қаланың ішінен экономикасы дамымай қалған 30 қала айқындалып, оларды дамытуға арналған жеке шаралар қарастырылғанын жеткізді.

2004-2006-жылдарда бағдарламаны жалпы жүзеге асыруға 2,4 млрд. теңге, соның ішінде 2004-жылы 1,5 млрд. теңге бөлу көзделді. Атап айтсақ, 2004-2006-жылдарда шағын қалаллардағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру жағдайын қамтамасыз ету үшін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ-ның жарғылық қорын 1,5 млрд. теңгеге толықтыру жоспарланған. Шағын қалалардағы тіршілік қамтамасыздығы нысандарын дамыту үшін 2004-2006-жылдарда мақсатты трансферт түрінде 900 млн. теңге бөлу межеленді.
Бюджет қаржысымен бірге, шағын қалаларды дамыту үшін «Қазақстан Темір жолы ҰК» ЖАҚ-ның есебінен 4,6 млрд. теңге, «Қазақтелеком» АҚ-ның есебінен 1,9 млрд. теңге бөлінбекші.
Ал ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов «шағын қалалардағы коммуналдық қызмет жүйесіне бұрынғыдай дотация бөлу мүмкін емес» деп атап көрсетті. «Шағын қалаларды дамыту бағдарламасын тиімділік көрсеткішін ескере отырып дәйектеп толықтыру қажет»,- деді үкімет басшысы.
Осыған байланысты үкімет «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ-ның қаржысын тиімді пайдалануға қатысты кейбір түзетулерді қоса отырып бағдарламаны қабылдауға шешім шығарды.