Жарияланды: 410

ҚР Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы қаулы жобасын қабылдады

ҚР Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы қаулы жобасын қабылдады

Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» ҚР Үкіметінің Қаулы жобасын қабылдады.

«Бюджетті даярлау бойынша ауқымды атқарылған жұмыстар үшін барлық Үкімет мүшелеріне алғысымды айтамын. Мемлекет басшысы «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойды. Бүгін біз енді оны жүзеге асыру бойынша Қаулы жобасын қабылдадық. Енді үлкен жұмыстар басталады»,-деді Үкімет басшысы. Осы орайда Серік Ахметов Үкімет басшысының Кеңсесі мен Қаржы министрлігіне тиісті пысықтау жұмыстарын жүргізіп, Қаулыны қол қоюға дарялауды тапсырды. Бұдан бөлек, Премьер-Министр биылғы жылдың аяқталуына дейін бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдерге 2012 жылғы бюджет қаржысын уақытылы игеруі тұрғысында тиісті шараларды қабылдауды жүктеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін