ҚР Үкіметі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Қаулыны қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкіметі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Қаулыны қабылдады

ҚР Үкіметі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Қаулыны қабылдады

ҚР Үкімет 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы қаулыны қабылдады.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 1367
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №985

2015 жылғы 10 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

                                                                                    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ


Соңғы жаңалықтар