ҚР Үкіметі адамдардың қысқарған жұмыс сағаттарын субсидияламақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкіметі адамдардың қысқарған жұмыс сағаттарын субсидияламақ

ҚР Үкіметі адамдардың қысқарған жұмыс сағаттарын субсидияламақ

Қазақстан Үкіметі білікті мамандардың қысқарған жұмыс сағаттарын субсидиялауды жоспарлап отыр.

  • 20 Тамыз 2015
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Оның айтуынша, қолдаудың осындай шаралары «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына өзгертулер аясында қарастырылып отыр. 

«Білікті жұмысшыларға тоқталатын болсақ, бұл бағытта қолдау көрсетудің бірнеше нұсқасы бар. Егер де оның жұмыс күні қысқарса, яғни шартты түрде сегіз сағаттан алты сағатқа дейін қысқаратын болса, онда осы жоғалтып отырған екі сағатын біз өзіміздің мойнымызға алып, жоғалтқан табыстың үштен екі бөлігін субсидиялаймыз»,-деді Б. Сағынтаев.

Белгілі болғандай, бағдарлама аясында білікті жұмысшылар үшін гранттар бөлінбек. Бұл тұрғыда жұмыс берушілер қызметкерлерді оқытуға немесе біліктілігін арттыруға жіберуге назар аударуы тиіс болады.


Соңғы жаңалықтар