ҚР үкіметі әлеуметтік нысандарды қымбаттатуға өтініштер қабылдамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі әлеуметтік нысандарды қымбаттатуға өтініштер қабылдамайды

ҚР үкіметі әлеуметтік нысандарды қымбаттатуға өтініштер қабылдамайды

ҚР үкіметі әлеуметтік нысандарды салушылардан қымбаттатуға өтініштер қабылдамайды, деп мәлім етті Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

  • 20 Маусым 2011
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Тендерлер, жобалық-сметалық құжаттар, нысанның құны мәселесі көбінесе былай өтеді: бастапқыда нысанның құны басқа, ЖСҚ-ға (жобалық-сметалық құжаттар — ҚазТАГ) сәйкес, кейін құрылыс компаниясы тендерде жеңіске жету үшін арзандатады, яғни ең төмен баға қояды да, жеңеді. Кейін негізді түрде келіп, бұл сомаға неге сала алмайтынын айтып, нысанды қымбаттату керектігін алға тартады. Барлық жерде осылай», — деді ол дүйсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, бастапқыда құрылыс жүргізуге тендерде жеңу үшін жобалық-сметалық құжаттар арзандатылады.

«Мен өзім мынадай пікірді ұстанамын: тендерде жеңдің бе, көрсеткен қаржыға сал да, артық ақша сұрама. Сондықтан да ЖСҚ-ға жоғары талап қойылуға тиіс. Мен қазір бәріне нысандарды қымбаттатуға өтініштерді қабылдауға тыйым салдым», — деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар