ҚР үкіметі бәсекелестікті шектеп отырған компаниялардың мүддесін қорғауда - депутат С.Әлібаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі бәсекелестікті шектеп отырған компаниялардың мүддесін қорғауда - депутат С.Әлібаев

ҚР үкіметі бәсекелестікті шектеп отырған компаниялардың мүддесін қорғауда - депутат С.Әлібаев

ҚР үкіметі бәсекелестікті шектеп, "тауар және қызмет бағасын өлшеусіз өсіріп" отырған компаниялардың мүддесін қорғауда. Бүгін, 24-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Серікбай Әлібаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Мәжіліс депутаты сондай-ақ, үкімет басшысының атына осы жөнінде депутаттық сауал жолдағанын хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2003
  • 406
Фото - Caravan.kz

С.Әлібаевтың мәлімдеуінше, үкімет «Бәсекелестік және монополиялық іс-қызметті шектеу туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын парламенттен қайтарып алу арқылы монополияға қарсы күрес мекемесін бағаның қымбаттау себебінің анық-қанығына жету мүмкіндігінен айырып отыр.

Аталмыш заң жобасын үкімет 20-желтоқсанда мәжіліс қабылдап қойғаннан кейін қайтарып алған болатын. Заң жобасын қайтарып алуға қолданыстағы заңнан » бағаны мемлекеттік реттеу» және «өзара бәтуаласып алған баға» деген ұғымдарды нақтылаған тәртіптерді алып тастау жөніндегі депутаттар ұсынысымен үкіметтің келіспеуі негіз болған. Үкіметтегілердің пайымдауынша, бұл анықтамаларды алып тастау тиісті мемлекеттік мекемелерге нарықтағы ірі субьектілердің бағаны шұғыл өзгертуіне тиісті дәрежеде жауап қайтаруға мүмкіндік бермейді.
Алайда, С.Әлібаевтың өз депутаттық сауалында атап көрсеткеніндей, заң жобасынан алып тасауға байланысты үкіметтің көңілінен шықпай отырған ұғым анықтамалары мәжіліс қабылдаған заңның екі бабында дәйектелген.
Мәжіліс депутатының мәлімдеуінше, заң жобасын кері қайтарып алу себептері туралы үкіметтің республикалық БАҚ-тарда таратқан ақпаратын «негіздемесіз әрі әдепсіз» ақпарат деп пайымдайды. «Бұл мәлімдеме арқылы үкімет парламент мәжілісі депутаттарының беделін түсіруде»,- деді С.Әлібаев. Осыған байланысты өз депутаттық сауалында мәжіліс депутаты үкімет басшысынан заң жобасын қайтаруға себеп болған негіздемені төменгі палатаға таныстырып, аталмыш мәселе қаралған үкімет кеңесінің хаттамасын немесе стенограммасын келтіруді өтінді.
С.Әлібаев үкімет кері қайтарып алған заң жобасын мәжіліс депутаттары құптағандықтан, оны жеке бастамалық жоба ретінде ұсына алатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар