ҚР үкіметі Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің концепциясы мен оны құру жөніндегі келісім жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің концепциясы мен оны құру жөніндегі келісім жобасын мақұлдады

ҚР үкіметі Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің концепциясы мен оны құру жөніндегі келісім жобасын мақұлдады

ҚР үкіметі Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь мемлекеттерін біріктірген Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің тұжырымдамасы мен оны құру жөніндегі келісім жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан. Бұл туралы шешім бүгін, 9-қыркүйекте үкімет отырысында қабылданды.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 630
Фото - Caravan.kz

ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұловтың айтуынша, Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімнің жобасы, Біртұтас Экономикалық Кеңістіктің тұжырымдамасы мен оны құру шараларының кешені тәрізді аса маңызды үш құжатқа төрт мемлекет басшылары 2003-жылдың қыркүйек айының орта шенінде Ялтада қол қояды деп күтілуде. Құжаттарға қол қою қорытындысы бойынша қабылданатын президенттер мәлімдемесінің жобасы Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың мандатының мерзімін ұзартуға негіз болып, топқа бірқатар құзырет береді деп күтілуде. Атап айтсақ, жоғары дәрежелі топқа жұмыстарды үйлестіру құқығы, Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше-елдердің экономикалық саясатына талдау жасау, ұлттық заңнамалардағы өзгерістер туралы мемлекеттер арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, Біртұтас Экономикалық Кеңістік аясында қабдылдауға жоспарланған салалық келісімдердің жобасын жасау жөніндегі жұмыс топтарын құру құқығы беріледі.

«Келісім жобасында кеңістікке қатысушы мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарға байланысты әртүрлі деңгейде және әртүрлі жылдамдықпен өзара интеграциялану принциптері қарастырылған»,- деді вице-премьер.