ҚР үкіметі еліміздің барлық облыстарында тұрғын үйлерге техникалық санақ жүргізуге тапсырма берді - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі еліміздің барлық облыстарында тұрғын үйлерге техникалық санақ жүргізуге тапсырма берді - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

ҚР үкіметі еліміздің барлық облыстарында тұрғын үйлерге техникалық санақ жүргізуге тапсырма берді - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

ҚР үкіметі апатты жағдайдағы үйлерді анықтау үшін еліміздің барлық облыстарында тұрғын үйлерге техникалық санақ жүргізуге тапсырма берді. Бұл туралы бүгін, 24-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко хабарлады.

  • 24 Ақпан 2004
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Бұл жұмыс бір жылда атқарылып бітуі тиіс. Тұруға қолайсыз болғандықтан, апатты жағдайдағы үйлерді құлатып, тұрғындарын басқа үйлерге көшіру қажет. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бірінші кезекте облыстық деңгейде бөлінуі дұрыс»,- деді Г.Марченко.

Вице-премьердің айтуынша, «республика облыстарында 1996-жылдан бері осындай техникалық инвентаризация жүргізілмегендіктен, дәл қанша үйді құлату қажеттігіне қатысты ақпараттар сан алуан болып тұр».
Бұған қоса, Г.Марченконың айтуынша, санақ барысында басқа да тұрғын үй категориялары анықталады. «Күрделі жөндеуден өтетін тұрғын үйлер категориясы мен жер сілкінісіне төтеп беру қабілетін арттыруды талап ететін үйлер бар екені белгілі»,- деді ол.
Мұндай категориялы үйлер Тұрғын үй бағдарламасы аясында жөндеуден өтеді. Ал бағдарламаның өзі , Г.Марченконың айтуынша, үкіметтің таяудағы бір отырысына талқылауға ұсынылмақшы.

Соңғы жаңалықтар