ҚР үкіметі көлеңкелі экономика көлемін қысқартудың 2010-жылға дейінгі бағдарламасын қабылдамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі көлеңкелі экономика көлемін қысқартудың 2010-жылға дейінгі бағдарламасын қабылдамақшы

ҚР үкіметі көлеңкелі экономика көлемін қысқартудың 2010-жылға дейінгі бағдарламасын қабылдамақшы

Үкімет Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған көлеңкелі экономика көлемін қысқарту жөніндегі ұйымдастыру шаралары және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бағдарламаның жобасы қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Тамыз 2004
  • 2280
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы, көлеңкелі экономика проблемасын шешудің тиімді әрі жүйелі шараларын дүниежзінде бірде-бір ел ойлап таба алмағанын атап өтті. Алайда әкімшілік процедураларды жеңілдету, арнаулы қаржылық құрылымдар құру, салық ауыртпалығын төмендету саласындағы кейбір жекелеген шаралар кей мемлекеттерде көлеңкелі экономика көлемін төмендетуге көмектесетінін еске салды. Сонымен қатар, Даниал Ахметов республикада көлеңкелі экономика көлемінің 30 процент екеніне қатысты дерекке сенімсіздікпен қарады.

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов өз баяндамасында жобаны әзірлеушілер көлеңкелі экономиканың белең алуының негізгі себептерін анықтағанына тоқталып, бұл құбылыстан шегетін шығынды азайту жөнінде бірқатар іс-шаралар ұсынды.
Себептер арасында кәсіпорынның материалдық-техникалық базасының төмендігі, контрафактылы өнімдерге деген сұраныс артқан кезде өнімдердің бәсекелестік қабілетінің төмендеуі, шағын және орта бизнес үшін кредит алудың қиындығы, есеп пен статистика проблемасы, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігі және олардың қызмет бабын асыра пайдалануы, олардың теріс әрекеттерін мойындата алмаушылық, көлеңкелі экспорттың артуы т.б бар.
Премьер-министр салық ауыртпалығын төмендету әрдайым көлеңкелі экономика көлемін төмендетуге әсер етпейтініне тоқталды. Мысалы Қазақстанда ТМД аясындағы өзге елдерге қарағанда, салық деңгейі айтарлықтай төмен, бірақ көлеңкелі экономика көлемі өзгеріссіз қалуда. «Бұл өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне байланысты», деді Даниал Ахметов.
Талқылауды қорытындылай келе, үкімет басшысы Елбасының тапсырмасы аясында орындалып жатқан, ұсынылып отырған бағдарлама жобасына қанағаттанғандық білдірді. Көлеңкелі экономиканы қысқарту проблемасы «кең көлемді әрі тыңғылықты қадамды» талап ететінін атап өтті. Сонымен бірге, Даниал Ахметов «жобада кәсіпкерлердің экономикалық және қаржылық «көлеңкеден» шығуын қарастыратын заңнамалық, әкімшілік және заңдылық сипаттағы шаралар жазылғанын» жеткізді.
Кеңес қорытындысында үкімет басшысы ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне бір апта ішінде жобаның толық нұсқасын әзірлеп, оны Үкіметтің таяудағы мәжілісінде қарауға ұсынуды тапсырды.

Перейти к новостям спорта