ҚР үкіметі мен "Оман Ойл компани" Жемчужина блогы бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге 2005-жылдың алғашқы жартысында қол қоймақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі мен "Оман Ойл компани" Жемчужина блогы бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге 2005-жылдың алғашқы жартысында қол қоймақшы

ҚР үкіметі мен "Оман Ойл компани" Жемчужина блогы бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге 2005-жылдың алғашқы жартысында қол қоймақшы

ҚР үкіметі мен "Оман Ойл компани" Жемчужина блогы бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге 2005-жылдың алғашқы жартысында қол қоймақшы. Бұл туралы бүгін, 28-қаңтарда Астанада парламент сенатының депутаттарымен кездесу барысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 447
Фото - Caravan.kz

В.Школьниктің хабарлауынша, «кеніштегі мұнай қоры 100 млн. тонна төңірегінде деп болжануда».

Қазір «Оман Ойл компани» мен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің сарапшылары мен жұмыс топтары деңгейінде Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімді жобасын әзірлеу және оған қол қою бағытындағы консультациялар жалғасуда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 25-қаңтарда Жемчужина блогы бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге қол қою мәселесі ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов пен Оман Сұлтандығының сауда және өнеркәсіп министрі — «Оман Ойл компани» төрағасы Макбул Әли Сұлтанның кездесуінде сараланған.
Бүгінде «Оман Ойл компани» Қазақстанда 4 жобаны жүзеге асыруда. Атап айтсақ, компания КТК консорциумына қатысушылардың бірі болумен бірге, Батыс Қазақстандағы Дұңған кенішін игереді. Сондай-ақ, компания Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің солтүстігін игеру жобасына қатысып, Атырау облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыруда.

Перейти к новостям спорта