Мемлекет басшысының пікірінше, Семейдегі көнерген бу қазандықтарын ірі жылу электр станциясына алмастыратын мерзім жетті. Н.Назарбаев Семейде жабдықтары әбден ескірген ескі бу қазандықтарының көмегімен жылытылатын ескі үйлердің көптігін ерекше атады. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл бу қазандықтары жекешелендірілген ботаын. Алайда жаңа қожайындар бұл міндетін ойдағыдай атқара алған жоқ.
Н.Назарбаев қаладағы көнерген бу қазандықтарынан бас тарту қажеттігін атап көрсетті. Алайда, «бұл қыруар шығынды талап ететін ауқымды бағдарлама. Бұл мәселемен үкімет пен әкімшілік бірлесіп айналысады»,- деді президент.